Немістер Гвардиоланы сынға алуда

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Немістер Гвардиоланы сынға алуда

"Баварияның" бас бапкері Пеп Гвардиола баспасөз бен клуб көшбасшылары тарапынан сынға ұшырауда.

БӨЛІСУ

Швaйнштaйгeр, Мюллeр, Рoббeн және де Писaррo есімді ойыншылар "Баварияның" жаңа жаттықтырушысының әдіс-тәсілдерін ашық сынға алып отыр.

Юпп Хaйнкeстің кеткеніне және Пeп Гвардиоланың тізгін ұстағанына бес аптаның жүзі болған жоқ, ал бірақ бүгінде испандық маманға суық қарап, іштері жылымайтын жандар қатары көбеюде. 


"Бапкер ұсынып отырған нәрсенің маған пайдалы болатынына сенімді емеспін", - деген Бaстиaн Швaйнштaйгeр.

"Техникалық көзқарас деңгейінен алғанда, жаңа маусым алдында көп нәрсені өзгертпеуім тиіс еді. Жаңа бапкерлер еш уақытта бәрін бірден өтзгертпеген, ал мен футболда бұрыннан ойнап келемін...", - депті Клaудиo Писaррo.

"Барлығы менің алаңдағы рөлімді және қай тұста көп пайда келтіретінімді жақсы түсінген болуы керек деп ойлаймын", - деген, Германия Суперкубогінде жат бөлікте ойнаған ("Бoруссиядан" ұтылып қалған-ды) Тoмaс Мюллeр.

"Түсінбеймін, жақсы жұмыс дүниені несіне өзгерту керек?", - деп Aрьeн Рoббeн өз-өзіне сұрақ қоюда екен. 

Отқа май құйған тұста неміс басылымдары Тьягo Aлькaнтaраның қатар толықтырғанына кінә артып (командаға керек болмағанын мегзеуде), ақиқатқа ұмтыла отырып, іс-алғышарттарды Пeптың бауыры жүргізетінін түсінуге ұмтылуда екен. Гeрмaнияда Гвaрдиoлaның жақтастарына қол ұшын беруде мүмкіндікті пайдаланып қалатындығын, және де, "Бaвaрия" қоры есебінен байуға жол ашылатындығы жайлы қазіргі таңда еш бүкпесіз өсек-аян айтылуда. 

Хoсeп Гвaрдиoлaны алда неміс Бундеслигасы мен УEФA Супeркубoгі күтуде (Жoзe Мoуриньюдың жаңартылған "Чeлсиіне" қарсы өтетін ойын).

Еуропа мен Германияның бүкіл шыңын бағындырған "Бaвaрия" алда-жалда маусым басында-ақ сүреңсіз ойын көрсетер болса, онда испандық маманға қарсы құқайлары қарасы көбеймек. 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Cурет: umsonstleutesuchen.de; sovsport.ru