Неміс теннисшісі рекорд орнатты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Неміс теннисшісі рекорд орнатты

Неміс теннисшісі Сабин Лисицки Гиннестің рекордтар кітабына енді. Мәртебелі сертификат «Үлкен дулыға» санатындағы «US Open» додасы алдында табысталды.

БӨЛІСУ

Әлемнің 29-шы ракеткасы әйелдер арасында ең жойқын соққы бағыттауының нәтижесінде рекорд орнатып отыр. Шілде айының соңында Стэнфордта өтіп жатқан турнирде Сабин соққысының жылдамдығы сағатына 210,8 шақырымды құраған. Осыған дейінгі бұл рекордтық көрсеткіш америкалық Винус Уильямсқа тиесілі болатын. Оның 2007 жылы Америка ашық біріншілігіндегі жойқын соққысы сағатына 207,6 шақырымды құраған еді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: isport.ua