Бокс федерациясының бірінші вице-президенті Жалғас Төкешов қызметінен кетті. Қазақстан бокс федерациясы президенті осындай шешім қабылдаған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы 1bol.kz сайты жазды.
Айта кетейік, Жалғас Төкешов бұл қызметке 2024 жылдың сәуір айында тағайындалған еді.
Төкешов – бокс жанкүйерлеріне көп жыл бойы кәсіби бокс кештерін ұйымдастыруымен айналысып, промоутерлік қызмет атқаруымен танымал. Бокстан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен. Қазақстан Республикасының спорт шебері.
Еске салайық, бұған дейін тағы бір вице-президент Азиз Қожамбетов те қызметінен кеткен еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз