Назым Қызайбай әлем чемпионатында қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді

Айжан Бақдаулет Корреспондент
Айжан Бақдаулет>
Назым Қызайбай әлем чемпионатында қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді
Фото ©️ olympic.kz

Назым Қызайбай 2025 жылғы әлем чемпионатын мерзімінен бұрынғы сенімді жеңіспен бастады. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Турнирдің бірінші айналымында 31 жастағы спортшы Словакия өкілі Николь Дуриковамен кездесіп, оған еш мүмкіндік қалдырмады. Жекпе-жек үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды: Қызайбай қарсыласын үш рет нокдаунға түсіргеннен кейін, төреші кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Осылайша, Назым әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті. Бұл жекпе-жек Қызайбайдың 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы сәтті өнерінен кейінгі алғашқы кездесуі болды. Айта кетейік, ол Олимпиадада қола медаль жеңіп алған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!