Назым – алтын, Ләззат – күміс еншіледі

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Назым – алтын, Ләззат – күміс еншіледі

Бокстан әйелдер арасында Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ қызы Назым Қызайбай алтыннан алқа тақса, Ләззат Күнгейбаева күміспен күптелді.

БӨЛІСУ

48 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Назым Қызайбай финалда үндістандық боксшы Шамджетсабам Сарджубаладан басым түсті. Төрешілердің барлығы отандасымыздың басым түскенін анықтап, 3:0 (39:37, 39:37, 39:37) есебін тіркеді. Жерлесіміз екінші рет әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көрініп отыр. Осыдан екі жыл бұрын Қытайдың Циньхуандао қаласында өткен додада қола жүлде еншілеген болатын.

81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ләззат Күнгейбаева шешуші жекпе-жекте ресейлік Зенфира Магомедалиеваға есе жіберіп алды. Қазақстандық боксшы бірінші раундты өз пайдасына шешкенмен, кейінгі раундтарда қарсыласы басымдық танытып кетті. Нәтижесінде отандасымыз күміс медальды қанағат тұтты.  

Сурет: aiba.org