2019 жылдың наурыз айында қазақстандық спортшыларды бірнеше халықаралық және республикалық турнирлер күтіп тұр. Olympic.kz наурыз айындағы маңызды спорттық шаралар тізімін назарларыңызға ұсынады.
Қазақстан аумағында өтетін жарыстар тізбегі:
4-11 наурызда Шымкент қаласы стенд атудан Қазақстанның ашық чемпионаты мен ел Кубогінің бірінші кезеңін қабылдайды.
9-12 мамыр күндері Алматы қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында ел чемпионаты өтеді.
10-15 наруыз күндері Ақтауда көркем гимнастикадан Қазақстан Кубогінің иегерлері анықталмақ.
12-15 наурыз күндері маунтинбайктан Қазақстан кубогі Тараз қаласында ұйымдастырылады.
24-30 наурыз аралығында Шымкентте садақ атудан халықарлық турнир жоспарланған.
29-31 наурыз күндері Талғарда ат спортынан жабық ғимараттағы Қазақстан Кубогі бәсекесі өтеді.
31 наурыз – 4 сәуір аралығында Ақтөбеде жүзуден Қазақстанның ашық біріншілігі чемпиондарды анықтайды.
21-30 наурыз күндері Шардарада желкенді спорттан Қазақстан Кубогі сарапқа салынады.
Қазақстан спортшылары қатысатын ірі халықаралық турнирлер кестесі:
5-11 наурыз: Дзюдодан "Гран-при" турнирі, Марокко, Маракеш.
6-11 наурыз: Бокстан халықаралық турнир, Финляндия.
7-11 наурыз: Жүзуден халықаралық турнир, Словения, Крань.
7-11 наурыз: Семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы Гран-при турнирі, Венгрия, Будапешт.
12-18 наурыз: Көркем гимнастикадан "Афродита кубогі", Грекия, Афины.
12-18 наурыз: Спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі, Әзірбайжан, Баку.
13-18 наурыз: Дзюдодан Grand Slam турнирі, Ресей, Екатеринбург.
13-18 наурыз: Таеквондодан "Belgian Open G2" халықаралық турнирі, Бельгия, Люмель.
17 наурыз: Спортттық жүрістен Азия чемпионаты, Жапония, Номи.
17-25 наурыз: Стенд атудан лицензиялық әлем кубогі, Мексика, Акапулько.
18-24 наурыз: Спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі, Катар, Доха.
21-24 наурыз: Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионаты, Моңғолия, Ұлан-Батыр.
24-31 наурыз: Садақ атудан Азия кубогі, Таиланд, Бангкок.
23 наурыз-2 сәуір: Су добынан интерконтинентальды турнир, әлемдік лига, Австралия, Перт.
27 наурыз – 1 сәуір: Таеквондодан "German Open G1" турнирі, Германия, Гамбург.
26 наурыз – 2 сәуір: Бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирі, Әзірбайжан, Баку.
27 наурыз – 1 сәуір: Дзюдодан Гран-при турнирі, Грузия, Тбилиси.
28 наурыз -1 сәуір: Көркем гимнастикадан Гран-при турнирі, Франция, Тье.