Танымал америкалық боксшы Мұхаммед Әлидің ең алғаш чемпиондық титулды қорғап қалған бокс қолғабы бәссаудаға қойылды.
БӨЛІСУ
Сатылым 21 ақпан күні Нью-Йорк қаласындағы Heritage Auctions бәссауда үйінде өтеді. Мұхаммед Әлидің Сонни Листонға қарсы өткізген жекпе-жегінде киген чемпиондық қолғабының құны әзірге 500 мың АҚШ долларына бағаланып отыр.
Бұл қолғап Әли мен Листон арасындағы жекпе-жек алдында арнайы тапсырыспен тігілген. 1965 жылы 25 мамырда өткен жекпе-жек 17 секундтқа ғана созылған. Әли асқан жылдамғының арқасында бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберген екен.
2014 жылдың тамыз айында Мұхаммед Әли ең алғаш жеңілген жекпе-жегінде киіп шыққан қолғап бәссауда да сатылған болатын. «Ғасыр жекпе-жегі» деп аталған кездесуде киген қолғап $388 мың долларға сатылды.
Мұхаммед Әли - бүгінге дейін Жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған жалғыз спортшы саналады. Ол тек спортта ғана оза шауып қоймай, қоғамдық өмірге де белсене араласып, адамзатқа пайдалы игілікті жұмыстар жасап, әлем халқының махаббатына бөленді.
Сурет: novostimira.net