Моуринью "Реалға" екі талап қойды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Моуринью "Реалға" екі талап қойды
Фото ©️ Diario AS

Танымал португалдық жаттықтырушы Жозе Моуринью мадридтік "Реал" тізгінін 6 жылдан кейін қайта ұстауы мүмкін, - деп хабарлайды испандық басылымдар.

БӨЛІСУ

Футбол маманы "корольдік клубтың" президенті Флорентин Переспен арнайы келіссөз жүргізген. Жозе бұл командаға қайта оралып, жұмыс жасауға қарсы емес. Тек өзі қойған екі талапты орындаса болғаны. Ол үшін "Реал" қыста орталық жартылай қорғаушы сатып алулары керек. Сондай-ақ шабуыл шебін күшейтуі тиіс.

Айта кетейік, Жозе Моуринью соңғы рет ағылшынның "Манчестер Юнайтед" клубын жаттықтырды. Маусымдағы сәтсіздігіне байланысты "қызыл сойқандар" басшылығы қызметінен босатқан болатын.

Португалдық маман "Реалды" 2010-2013 жылдар аралығында жаттықтырған. Испания чемпионы, кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Қазіргі таңда мадридтік команда Испания чемпионатында 30 ұпаймен 5-орында келеді. Көш басындағы "Барселонадан" 10 ұпайға қалып тұр.