"Монако" бірінші ойында дортмундтық "Боруссияны" ұтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
"Монако" бірінші ойында дортмундтық "Боруссияны" ұтты
Фото ©️ vk.com

Футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалында Монако сырт алаңда дортмундтық Боруссияны ұтты. Ойында Леандро Жардем шәкірттері 3:2 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

"Сигнал Идуна Парктегі" ойында бірінші болып "Монако" есеп ашты. 17 минутта Фабиньо 11 метрлік айып соққысын сәтті орындай алмады. Араға 2 минут сала Килиан Мбаппе "Монаконы" алға шығарды. 35 минутта Свен Бендер өз қақпасына гол соғып, команда жағдайын қиындатты.

Екінші таймда Шахин мен Пуличичтің алаңға шығуы дортмундтық клубтың шабуылын ширатты. 57 минутта Усман Дембеле есепті қысқартты. 79 минутта Килиан Мбаппе алаң иелері қорғаушыларының қателігін оңтайлы пайдаланып, "Монаконың" үшінші голын соқты. 84 минутта Синдзи Кагава гол соғып, жергілікті жанкүйерлерді желпінтті. Одан кейінгі аралықта есеп өзгермеді.

Айта кетейік, қос команда арасындағы ойын кеше өтуі тиіс еді. Алайда Дортмундтағы жарылыс салдарынан ойын бүгінге шегерілген-ді.