Джиу-джитсудан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Мөлдір Мекенбаева қарсылас шақ келтірмеді.
Бұрымды қыз джиу-джитсудың "неваза" бөлімі бойынша сынға түсті. Халықаралық джиу-джитсу федерациясының (JJIF) рейтингінде көш басында тұрған Мөлдір Мекенбаева жарысты екінші айналымнан бастады. Алдымен канадалық, артынша швециялық қарсыласынан басым түсіп финалған өткен ол ресейлік тәжірибелі спортшымен күш сынасты. Ақтық кездесуде Мөлдір қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп, алтыннан алқа тағынды.
- Спортшы ретінде тұғырда тұрып, қолыңды жүрегің қойып тұрып отаныңның әнұранын айтқанда қандай сезімде болатынымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ал алтын қандай еңбекпен келгенін ойласаң қуанышың еселене түседі.
Биылғы жыл жаңалықтарға толы болды. Көптеген жарыстар, теккен төріп, еткен еңбегімнің бәрі маған ерекше ләззат сыйлады. Мен өмірге ренжитіндердің қатарынан емеспін. Осы жолды таңдағаннан соң соңына дейін алған бетімнен қайтпай, істеп жатқан жұмысымның әркез жақсы жағын көруге тырысамын, - деп бөлісті әсерімен спортшы қыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кету керек, жақында Мөлдір Мекенбаева джиу-джитсудан қоңыр белбеу иегері атанған болатын.