ММА Қазақстандағы ресми спорт түрлері қатарына кірді

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Айбар Рысдәулет>
ММА Қазақстандағы ресми спорт түрлері қатарына кірді

Әуесқой және кәсіби ММА (аралас жекпе-жек) Қазақстанда ресми спорт түрі мәртебесіне ие болды. Бұл шешімді осы жылдың тамыз айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қабылдады. Қазақстандық ММА біріккен федерациясы шетелдік және отандық промоушэнмен ынтымақтастық бастады. 

БӨЛІСУ

"Біз осыған дейін Қазақстанда M-1 Global бірлескен турнирін өткізіп келеміз. Сонымен қатар, отандық түрлі promotion-мен бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізудеміз. Бірқатар қазақстандық кәсіпқой спортшылар Арман Әшімов, Асу Алмабаев, Жұман Жұмабеков және Абылайхан Кадыржан секілді спортшыларға қолдау көрсету үстіндеміз", - дейді қазақстандық ММА біріккен федерациясының бас директоры Валихан Тен. 

Еске сала кетсек, Қазақстандық ММА Федерациясы өткен жылдың соңында өз жұмысын бастады. Аталған ұйымды белгілі кәсіпкер Ғалымжан Есенов басқарады. 

"Осы 9 ай ішінде біз 32 спортшыдан құралған құрама жинап, бапкерлер құрамын бекіттік. Біздің спортшылар мамыр айында Азия чемпионатына қатысып командалық есепте бірінші орын иеленіп, 20 – дан астам медаль алып келді. Қазақстан тарихында тұңғыш рет ММА әлемдік рейтингін басқарды", - деді Валихан.

Аз ғана уақыт ішінде біріккен федерация Қазақстан аумағында 4 ірі турнир өткізді. Жыл соңына дейін M – 1 Challenge 105 халықаралық турнирін, ММА-дан Қазақстан Кубогын өткізу, сондай-ақ Бахрейндегі әлем чемпионатына құрама жасақтауды жоспарлап отыр.

"Әуесқой аралас жекпе-жек 2013 жылы спорт түрі ретінде танылған болатын. Ал қазіргі таңда кәсіби ММА-ның ресми спорт түрі ретінде тіркелгені қуантарлық жағдай. Енді алдағы уақытта ұйымдастырылатын барлық жекпе-жек ММА біріккен қазақстандық Федерациясының қамқорлығымен өтетін болады. Алдағы уақытта Олимпиадалық спорт түрлері қатарына кірулері де ғажап емес",– дейді Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев.