Мирослав Беранек қызметінен кетті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Мирослав Беранек қызметінен кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек келісімшарт бойынша ұлттық құрама тізгінін босатқанын мәлімдеді. Бұл туралы чех маманы Дублиндегі пресс-конференцияда айтты.

БӨЛІСУ

2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Мирослав Беранек топтық кезеңдегі 10 кездесуден кейін командамен небәрі 5-ақ ұпайға қол жеткізді. Кеше сырт алаңда соңғы кездесу Ирландиямен өтті. Кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілгенді-ді. Кездесу соңынан Қазақстан құрамасының бас бапкері:


- Біз алғашқы таймды жақсы бастадық. Керемет гол да соқтық. Алайда қорғаушылар қателігі қуанышымызды ұзаққа созбады. Екінші таймда қарсыластарымыз жақсы ойнап, жүйелі ойын өрнегін көрсете білді. Ирландияны жеңісімен құттықтаймын.

Сонымен қатар, тілшілердің "Осындай нәтижемен ұлттық құраманы жаттықтыра бересіз бе?" деген сұрағына:

- Бұл Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің соңғы кездесуі, және менің де келісімшарт бойынша соңғы кездесуім, – деп жауап берді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Мирослав Беранек Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып 2011 жылы тағайындалған болатын. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz