Милана Сафронова жартылай финалға жекпе-жексіз шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Милана Сафронова жартылай финалға жекпе-жексіз шықты
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық боксшы Милана Сафронова Чианг Мэйде өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Отандасымыздың қарсыласы жұдырықтасуға шықпады, - деп хабарлайды msports.kz cайты. 

БӨЛІСУ

Милана Сафронованың (66 келі) алғашқы кездесудегі тайпейлік қарсыласы жарыстан бас тартуына байланысты, Қазақстан боксшысы бірден жартылай финалға өтті, - деп жазды ҚБФ ресми парақшасы. 

Отандасымыз 7 желтоқсан күні өзбек-тай боксшылары арасындағы жекпе-жекте жеңгенімен кездеседі. 

Бұған дейін Дулат Бекбауов (67 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Бейбарыс Жексен (60 келі), Ұлжан Сәрсенбек (57 келі) пен Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті. Ал Алуа Балқыбекова (50 келі) сырқаттанып, шаршы алаңға шыға алмады.