Қазақстандық Милад Карими Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында алтын жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Каррими кермедегі жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, ең жроғары 15.033 ұпай жинады.
Бұл жарыста күміс және қола жүлдені қытайлықтар Хао Тянь (14.300) мен Цзяолэй Ляо (13.800) иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Карими осы турнирде көпсайыс және еркін жаттығудан күміс жеңіп алған. Осылайша, бұл оның Ташкентте алған үшінші жүлдесі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!