Мигель Коттоның бапкері Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Мақпал Бисембаева>
Мигель Коттоның бапкері Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды
Фото ©️ tn.kz

Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мигель Коттоның бапкері Фредди Роуч қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кемшілігін жайып салды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

БӨЛІСУ

"Головкин соңғы жекпе-жегінде өзінің сырын білдіріп қойды. Абайлау керек. Геннадий - жақсы панчер, бірақ ол сол кезде қалжырап қалды. Бәлкім ол денеден соққы алғанды ұнатпайтын шығар. Әрбір боксшының кемшілігі болады", - деді Роуч FightHype.com басылымына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы рет 17 мамырда америкалық Вилли Монро кішімен кездесіп, оны 6-шы раундта жеңген болатын. Головкин 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 24 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.