Мейвезер мен Пакьяо арасындағы "ғасыр жекпе-жегі" Жировтың көңілін қалдырды

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Мақпал Бисембаева>
Мейвезер мен Пакьяо арасындағы "ғасыр жекпе-жегі" Жировтың көңілін қалдырды
Фото ©️ tn.kz

Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, IBF тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Василий Жиров филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық кіші Флойд Мейвезер арасындағы "ғасыр жекпе-жегін" сынады. Ол Vesti.kz порталына берген сұхбаты кезінде көптен күткен қарсыластар арасындағы жекпе-жек неліктен оның көңілін қалдырғанын түсіндіріп берді, - деп жазады Tengrinews.kz.

БӨЛІСУ

Оның айтуынша, спортшылар "тек ақша табумен айналысқан". "Менің ойымша, жігіттер тек бизнес жасады, ешқандай жекпе-жек болған жоқ. Тек, рингте "ойнады". Бар болғаны сол. Стратегия болған жоқ. Соққыда қаталдық жоқ. Ештеңе болмады. Боксшылар тек ақша тапты, болды. Олар бұған қызығушылық танытпады. Ешқандай айқас болған жоқ. Бұл менің көңілімді құлазытты", - деді Жиров. 

Еске сала кетейік, филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық кіші Флойд Мейвезер арасындағы "ғасыр жекпе-жегі" америкалықтың жеңісімен аяқталды.  Кездесу Лас-Вегаста MGM Grand аренасында 3 мамыр күні өтті. Төрешілер жеңісті бірауыздан Мейвезерге берді. 12 раундқа созылған жекпе-жекте америкалықтың еншісіндегі WBA, WBC және Пакьяоның қоржынындағы WBO титулдары тігілген еді. Айта кетейік, екі боксшы бұл кездесуде жалпы сомасы 300 миллион доллар тапты.