Мейвезер МакГрегорды оныншы раундта нокаутпен жеңді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Мейвезер МакГрегорды оныншы раундта нокаутпен жеңді
Фото ©️ RT

Спортсүйер қауым асыға күткен америкалық кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер (кішісі) мен ирландиялық UFC жұлдызы Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жек аяқталды. Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" кешенінде өткен бокс кешінде Флойд Мейвезер оныншы раундта айқын жеңіске жетті. 

БӨЛІСУ

Бірінші раундтан бастап Конор алға ұмтылып, америкалық боксшы өзіндік жұдырыстасу стиліне (қорғану) басты. Ирландиялық спортшының қарқыны төртінші раундтан кейін басылып, Флойд Мейвезер шабуылда ширақ қимылдай бастады. 

Конор МакГрегор қалай болса да сәт сайын соққы жасап қалуға тырысумен болды. Бокс ережесіне сәйкес келсе де, келмесе де қамданып бақты. Тәжірибелі Мейвезер қарсыласының шабуылынан сытылып шығып кетумен болды. Ал кәсіпқой бокс шаршы алаңына алғаш рет шыққан Конордың соңғы раундтарда шаршап қалғаны айқын байқалды. Тоғызыншы раундтағы америкалық боксшының соққылары қарсыласын есеңгіретіп, оныншы раундта Мейвезер нокаутпен айқын жеңіске жетті. 

Флойд Мейвезер кәсіпқой бокстағы 50-ші жекпе-жегін өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Кездесу соңынан спорттық мансабын аяқтағанын ресми түрде хабарлады. 

Спортшылар осы жекпе-жектен кейін қомақты сыйақы алатын болады. Америкалық боксшы 100 миллион доллар, ирландиялық 30 миллион доллар көлемінде қаржыға кенеледі. Сондай-ақ тікелей эфир және жарнамадан түскен қаржыдан да иеленетін болады.