Мессидің өмір-тарихы жайында кино түсірілмек

Ла Лига Корреспондент
Ла Лига>
Мессидің өмір-тарихы жайында кино түсірілмек

Лос-Анджелестегі "Epic Pictures Group" кинокомпаниясы «Барселонаның» аты аңыз ойыншысы Лионель Мессидің өмір-тарихын экранизациялауға рұқсат алып отыр. 

БӨЛІСУ

Аталған биографиялық дүние 2014 жылғы Әлем чемпионатына дейін түсіріліп болмақ.

Фильм Мессидің өмірінен жан-жақты сыр шертетін, бапкерлер мен командаластарының, және де отбасы мүшелерінің жарқын сұхбаттарынан тұратын Луки Кайолидің  «Месси» атты биографиялық кітабының желісі бойынша түсірілмек.

"Жобаның мақсаты - адамды арман жолына шақырып, оны жүзеге асыруға ерекше шабыт сыйлайтын, бір қарағанда мүмкін емес көрінетін ерекше фильм жасап шығару" - дейді кинокомпания директоры Патрик Юолд.


сурет:grid.al

Дайындаған: Фараби Арыстанбек