Месси, Роналду, Модрич пен Салах "Алтын доп" үміткерлері тізіміне енді

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Тұрсынбек Раушанұлы>
Месси, Роналду, Модрич пен Салах "Алтын доп" үміткерлері тізіміне енді
Фото ©️ deskgram.net

France Football журналы "Алтын допқа" үміткер 30 футболшының тізімін жариялады. Жеңімпаз 3 желтоқсан күні белгілі болады.

БӨЛІСУ

Қақпашылар: Алисон ("Ливерпуль", Бразилия), Тибо Куртуа ("Реал", Бельгия), Уго Льорис ("Тоттенхэм", Франция), Ян Облак ("Атлетико", Словения);

Қорғаушылар: Диего Годин ("Атлетико", Уругвай), Марсело ("Реал", Бразилия), Серхио Рамос ("Реал", Испания), Рафаэль Варан ("Реал", Франция); 

Жартылай қорғаушылар: Кевин де Брёйне ("Манчестер Сити", Бельгия), Иско ("Реал", Испания), Н'Голо Канте ("Челси", Франция), Лука Модрич ("Реал", Хорватия), Поль Погба ("Манчестер Юнайтед", Франция), Иван Ракитич ("Барселона", Хорватия), Мохамед Салах ("Ливерпуль", Египет);

Шабуылшылар: Серхио Агуэро ("Манчестер Сити", Аргентина), Гарет Бэйл ("Реал", Уэльс), Карим Бензема ("Реал", Франция), Эдинсон Кавани ("ПСЖ", Уругвай), Криштиану Роналду ("Ювентус", Португалия), Роберто Фирмино ("Ливерпуль", Бразилия), Антуан Гризманн ("Атлетико", Франция), Эден Азар ("Челси", Бельгия), Гарри Кейн ("Тоттенхэм", Англия), Марио Манджукич ("Ювентус", Хорватия), Садио Мане ("Ливерпуль", Сенегал), Килиан Мбаппе ("ПСЖ", Франция), Лионель Месси ("Барселона", Аргентина), Неймар ("ПСЖ", Бразилия), Луис Суарес ("Барселона", Уругвай). 

Айта кетейік, "France Football" журналы 2016 жылы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағымен (ФИФА) келісімін үзген еді. Нәтижесінде 2016 жылдан бастап үздік ойыншыны анықтау жаңа жүйеде өте бастады. Жаңа жүйе болғанда, бұрынғы француз басылымының ережесі бойынша анықталады. Яғни, "Алтын доп" иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысатын болады. ФИФА бұл марапатты табыстаған тұста тілшілермен қатар, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы мен капитандары да дауыс беруге қатысқан болатын. 2017 жылы бұл сыйлықты Криштиану Роналду жеңіп алып, "Алтын доп" саны бойынша Мессимен теңескен еді.