France Football әлемде ең көп қаржы табатын футболшылардың жылдық дәстүрлі тізімін жариялады.
Көш басында "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси. Соңғы рет 2015 жыл кезекті бесінші "Алтын доп" сыйлығын алған аргентиналық аяқдоп шебері, 2016-17 жылдар аралығында бұл сыйлықты екі рет алған португалиялық Криштиану Роналдудан 17 млн еуро артық тапқан. Ал 2018 жылы "Алтын доп" сыйлығын алған Лука Модрич үздік жиырмалыққа да енбеген. Есесіне онымен бірге бір жейденің намысын қорғайтын Гарет Бэйл, Тони Кроос және Серхио Рамостар аталған тізімге енген.
Әлемнің ең көп қаржы табатын футболшылары:
1. Лионель Месси – 130 млн еуро
2. Криштиану Роналду – 113 млн еуро
3. Неймар – 91,5 млн еуро
4. Антуан Гризманн – 44 млн еуро
5. Гарет Бэйл – 40,2 млн еуро
6. Андрес Иньеста – 33 млн еуро
7. Алексис Санчес – 30,7 млн еуро
8. Филиппе Коутиньо – 30 млн еуро
9. Эсекиэль Лавесси – 28,3 млн еуро
10. Луис Суарес – 28 млн еуро
11. Жерар Пике – 27 млн еуро
12. Тони Кроос – 26,3 млн еуро
13. Месут Озил – 25,8 млн еуро
14. Килиан Мбаппе – 25 млн еуро
15. Оскар – 24,3 млн еуро
16. Серхир Агуэро – 24,3 млн еуро
17. Кевин де Брюйне – 23,5 млн еуро
18. Халк – 23,4 млн еуро
19. Поль Погба – 23,3 млн еуро
20. Серхио Рамос – 23 млн еуро.
Ал жылдық табысы жоғары бапкерлер арасындағы көшті Атлетико Мадрид клубының мінезді бапкері Диего Симеоне бастаған. Оның жылдық табысы 41 миллион еуро. Екінші орында былтырғы жыл ең көп табыс тапқан Жозе Моуринью (31 млн еуро). Үштікті – француз Тьерри Анри 25,5 млн еуромен қорытындылаған. Одан кейінгі орындарда бұрынғы және қазіргі "Барселона" бапкерлері Хосеп Гвардиола ("Манчестер Сити", 24 млн еуро) мен Эрнесто Вальверде ("Барселона", 23 млн еуро) тұр.