Каталондық «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Месси үшінші рет «Алтын бутсыны» иеленді. Бұл марапат Еуропадағы чемпионаттарда бір маусымда ең көп гол соққан мерген ойыншыға беріледі.
2012/2013 жылғы маусымда аргентиналық футболшы Ла-Лигада 46 гол соқты. Ал әр біріншіліктің өзінің коэфиценті белгіленеді. Испания Ла-Лигасында Месси 96 ұпайменен бұл тізімде көшті бастады. «Алтын бутсыны» сұрмергенге кезінде «Барселона» намысын қорғаған болгарлық шабуылшы Христо Стоичков табыстады.
Ал өз кезегінде Месси Marca басылымына:«Менің өмірім «Барселонамен» байланысты. Осында спорттық мансабымды да аяқтаймын. Қазір біз дұрыс жолмен келе жатырмыз. Ал Аргентинамен Әлем чемпионатын жеңіп алсам деймін» - деді.
Естеріңізге сала кететін болсақ, Месси «Алтын бутсыны» үш рет иеленген жалғыз футболшы. Ол осыған дейін 2009/2010 және 2011/2012 маусымдарда да үздік сұрмерген атанған болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: booster.ru