"Арсенал" командасының бапкерлер қосыны ойыншыларға тағылатын айыппұлдарға қатысты ақпараттың сыртқа тарап жатқаны жөнінде наразылық білдірді.
Мұның себебі жуырда "Арсенал" клубының базасында түсірілген қызық бір фотосурет. Бұл фотосуретте команда ойыншылары тәртіп бұзған жағдайда, оларға қолданылатын айыппұл санкциялары көрсетілген. Бір қызығы, ойыншылар белгіленген уақыт ішінде айыппұлды қолма-қол ақшамен төлеулері қажет, әйтпесе айыппұл сомасы екі есеге ұлғаяды екен.
Дүйсенбі күні, клубтың ресми өкілі баршаға жария болған ақпаратты растап, алдағы уақытта «Арсеналдың» айыппұл жүйесін қайта қарастыратыны жөнінде мәлімдеді.
"Аталған сурет нақты дерек болып есептеледі. Фотосурет иесі жаттығу базасына келген біздің қызметкердің досы екені анықталды. Бапкер суретпен болған оқиғадан хабардар. Бұл оны қатты қапы қалдырды. Біз бұл істі қайта қарастырамыз", - дейді "Арсенал" командасының ресми баяндамасында.
"Арсенал" ойыншыларына арналған жазалар мен айыппұлдар
- Тізімге енбеген ойыншылардың өз алаңында өтетін кездесулерде бапкердің рұқсатынсыз болмауы: 1000 фунт
- Жаттығуға кешігіп келу: 250 фунт (15 минутқа дейін), 500 фунт (15 минуттан асса)
- Емделуге/массажға кешігу: 250 фунт (15 минутқа дейін), 500 фунт (15 минуттан асса)
- Сыртқы ойынға кешігу: 500 фунт
- Кездесу болатын күні өткізілетін жиналысқа/тамақтануға кешігу: 250 фунт
- Кездесу күні дұрыс киім кимеу: 100 фунт
- Киім ауыстыру бөлмесінен тыс жерде лайықты киім кимеу: 100 фунт
- Киім ауыстыру бөлмесінде көше аяқ киімін кию: 100 фунт
- Медициналық кабинетте газет, ноутбук, телефон қолдану: 100 фунт
- Киім ауыстыру бөлмесінде газет оқу: 100 фунт
- Екі апта ішінде зәр анализін ұсынбау: 200 фунт
- Жаттығу территориясынан телефон соғу (мәтіндік хаттар рұқсат етілген): 500 фунт
- Коммерциялық іс-шараларға қатыспау: 500 фунт
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: manadonews.com