Әйгілі филиппиндік боксшы Эммануэль Дапидран "Мэнни" Пакьяо спорттағы мансабын аяқтады. Бұл туралы өзі әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлап, 14 минуттық видеоүндеуін жариялады.
Бокста қол жеткізген жетістігіме өзім де таңғаламын. Өйткені мен бокс тарихында төрт түрлі онжылдықта чемпиондық атақтарды жеңіп алған жалғыз спортшы болдым. Жартылай орта салмақта чемпион атанған ең егде боксшы ретінде де тарихта қалдым. Бұл деген – зор жетістік, - дейді боксшы.
Мэнни Пакьяо 6 салмақ дәрежесінде жетістік шыңын бағындырды. 3 жыл қатарынан (2006, 2007, 2008) үздік боксшы атанған.
Боксшы қазір Филиппинде сенатор қызметінде. Президент сайлауына қатыспақ. Басты үміткерлердің бірі.