Атақты Мэнни Пакьяо ұлыбританиялық Daily Mail басылымына берген сұхбатында сәуір айында бокстағы мансабын тоқтататыны туралы жариялағаннан кейін неліктен рингке қайта оралғанын айтты.
Пакьяоның айтуынша, ол қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Брукпен жекпе-жегін көргеннен кейін осындай шешімге келген.
"GGG-дің Брукпен қалай жекпе-жек өткізіп жатқанын көріп отырып, аяқ асты қамығып, өзімді жалғыз сезініп қалдым. Мен үнемі енді ринге шықпайтынымды ойлап жүретінмін. Менде әлі де жылдамдық, соққы күші мен ынта бар. Сосын өзіме сұрақ қойдым: "Неге мен жекпе-жектерімді жалғастыра бермеймін?".
Сонымен қатар филиппин боксшысы бұл жекпе-жектен екіұдай әсер алғанын айтады. Жан дүниесі дір етіп, сол сәтте рингке қайтып оралу туралы шешімін қабылдаған.
Айта кетейік, 5 қарашада Лас-Вегаста Пакьяо америкалық боксшы Джесси Варгаспен кездесу өткізеді.
Дереккөз: tengrinews.kz