Мемлекет басшысы шахматтан әйелдер құрамасын тарихи жетістігімен құттықтады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Мемлекет басшысы шахматтан әйелдер құрамасын тарихи жетістігімен құттықтады
Фото ©️ Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атануымен құттықтады, - деп хабарлайды msports.kz cайты. 

БӨЛІСУ

"2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!" – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан қыздар құрамасы Мажарстан елінің астанасы Будапеште өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанды.