Мбаппе Еуропа чемпионатында тарихи голын салды

Manas Корреспондент
Manas >
Мбаппе Еуропа чемпионатында тарихи голын салды
Фото ©️ x.com/equipedefrance

Франция құрамсының шабуылшысы Килиан Мбаппе Еуро-2024 турнирінің топтық кезеңінде гол салды.

БӨЛІСУ

Франция мен Польша ойыны 1:1 есебімен тең аяқталды. 

Мбаппе 56-минутта пеналтиді сәтті орындады, бұл айып добы Усман Дембелеге қарсы Якуб Кивердің жасаған фолы үшін белгіленген болатын. 

Бұл Мбаппенің Еуро-2024 турниріндегі алғашқы голы және Еуропа чемпионаттарында соққан карьерасындағы тұңғыш добы. Килиан 2020 жылғы Еурода Франция құрамасы сапында төрт матчке қатысты, бірақ ол кезде гол соға алмаған еді.