Мбаппе бала кезінде ойнаған командасын сатып алмақ

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Мбаппе бала кезінде ойнаған командасын сатып алмақ
Фото ©️ expressen.se

Франция ұлттық құрамасы мен "Реалдың" жаңа шабуылшысы Килиан Мбаппе бала кезде ойнаған командасы "Канды" (Франция) сатып алмақ ниетте. Бұл туралы журналист Даниэль Риоло хабарлады. 

БӨЛІСУ

Мбаппенің отбасы клубты сатып алу жайын қарастырып жатыр. Олар осылайша америкалық компаниялар сияқты қаржылық әлеуетін арттырғысы келеді, - деді Риоло RMC Sport-қа берген сұхбатында. 

"Кан" Францияның бірінші лигасында бірнеше жыл ойнады. 2019 жылы екінші лигаға түскеннен қайта оралмады. Клубтың нарықтағы құны 25 млн еуроны құрайды.

Мбаппе бала кезінде осы клубтың академиясында тәлім алған.