Майкл Фелпс алты айға спорттан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Майкл Фелпс алты айға спорттан шеттетілді

Әйгілі суда жүзу спортының майталманы Майкл Фелпс алты ай көлемінде спорттық жарыстарға қатыса алмайтын болды. АҚШ суда жүзу спорты федерациясы спортшының ішімдік ішіп, көлікке отырғаны үшін осындай шешім қабылдады.

БӨЛІСУ

Майкл Фелпс аз уақыт демалыс пен жарақатынан емделіп, осы жылдың көктемінде ғана жарыстарға қатысуға мүмкіндік алған еді. Енді мас күйінде көлік басқарғаны үшін тағы алты ай байрақты бәсекелерге қатыса алмайтын болды. Олардың қатарында Қазанда өтетін әлем чемпионаты да бар. Жаза мерзімі сәуір айында өз күшін жояды. Сонымен қатар, елдің суда жүзу федерациясы алты ай ішінде спортшыны қаржыландырмауға да шешім қабылдады.

Ал жалпы Олимпиада тарихындағы ең көп жүлдені иеленген спортшы осы – Майкл Фелпс. АҚШ елінің суда жүзу спортының майталманы спорттық мансабында 18 алтын 2 күміс 2 қола жеңіп алған. Ол алғаш рет 2000 жылы Сиднейде өткен додаға қатысып жүлдеге іліге алмаса, соңғы үш Олимпиадада одан асқан жүзу спортының шебері табыла қойған жоқ.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: theplace.ru