Ұлттық баскетбол ассоциациясының алты дүркін чемпионы Майкл Джордан Jordan Brand-пен бірлесіп алдағы он жыл ішінде нәсілдік теңдік үшін күресетін ұйымдарға 100 миллион доллар қайырымдылық көмек көрсетеді. Бұл туралы Highsnobiety хабарлады.
"Jordan Wings Program" бағдарламасының аясында біз жүйелі түрде нәсілшілдікке душар болған қара нәсілді жастарға білім мен дамуға мүмкіндік беруге дайынбыз", - дейді Jordan брендінің президенті Крейг Уильямс.
Айта кетейік, Америка Құрама Штаттарында демонстрациялар мен тәртіпсіздіктер афроамерикалық Джордж Флойдты өлімінен кейін басталды. Қақтығыс кезінде бірнеше полиция қызметкері жарақат алып, мыңдаған адам қамауға алынды.