Массагет тарихындағы 3 үздік арнайы жоба

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Массагет тарихындағы 3 үздік арнайы жоба

Массагет тарихындағы өзгерістер мен үздік арнайы жобалар

БӨЛІСУ

16 желтоқсан күні - Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында massaget.kz сайты үшжылдық қуанышын атап өткелі отыр. Аз ғана уақыттың ішінде өз оқырмандарының аудиториясын қалыптастырып үлгерген сайттың бұл алғашқы баспалдағы ғана деп қарауға болады. Керекті кеңестер мен танымдық тұрғыда жазылған дүниелер бір сәт те тоқтап қалған емес. Алдағы уақытта да қолданушыларын қажетті дүниелерімен қуанта түспек. Олардың қатарына арнайы жобаларды да қосуға болады. 3 жыл көлемінде сайтта талай ірілі-ұсақты өзгерістер де орын алды. Осы орайда, massaget.kz сайтының 3 жыл көлеміндегі 3 айтулы өзгерісі мен ең үздік 3 жобасын таныстыра кетуді жөн санап отырмыз.

Massaget.kz сайты 2014 жылдың қазан айында жаңа дизаинға көшті. Сайт қолданушыларының өтініш-тілектері бойынша жаңа мүмкіндіктер енгізіліп, жаңа формат қабылдады. Экранға бейімделгіш нұсқа көпшіліктің көңілінен шықты. Әрине, 100 % деп айта алмаймыз. Көз үйреніп қалған ескі нұсқадағы дизаинды қию да оңай болмады. Бірнеше айдан бері қолданушылар жаңа дизаинға көз үйретіп, жаңа мүмкіндіктерін тани түсуде. Сайт структурасына өзгерістер енгізіліп, негізгі 6 модульге топтастырылды. Олар:

  1. Мәтін түріндегі жаңалықтар мен танымдық мақалалар бөлімі. (Сайттың бастапқы бөлігінде)
    2. Блогтар
    3. Бірге аударайық
    4. Форум
    5. Фоторепортаждар
    6. Massaget TV 

Бұл massaget.kz сайты тарихындағы айтулы өзгерістердің бірі.

Massaget.kz модулінен байқап отырғандарыңыздай, сайтта Massaget TV  жобасы ашылды. Бұл бөлімде біздің шығармашылық ұжым дайындаған және ғаламтордан жиналған сіздерге қызықты болар деген видеолар топтастырылған. Мысалы, "Сабақтар" айдарында әртүрлі сала бойынша білімдеріңізді жетілдіру үшін қажетті видеодәрістер дайындалса, "Массагет аялдамасы" айдарында видеоға түсірілген сауалнамалар, сұхбаттар жарияланады. Бұған қоса "Әдебиет әлемінде", "Клиптер" деген айдарлар да бар. Осыған дейін жастарды технология тілін меңгеруге үйретіп келе жатқан «I-дос» жобасын да Massaget TV  әлемінен таба аласыздар.

Жақында республикалық «Жұлдыз FM» радиосы өз жұмысын бастады.

 

 

«Көш жүре келе түзеледі» демекші, massaget.kz сайты да уақыт өте келе қанатын кеңге жайып келеді. Мереке, іс-шара мен айтулы күндерге арналған арнайы жобалардан да уақыт өткен сайын сан мен сапаның, тәжірбиенің өскендігі айқын байқалады.

Массагет тарихындағы 3 үздік арнайы жобаның бірі – ӘЧ 2014. Осы жазда футболдан  Бразилия жерінде өткен доданы біздің сайт та барынша ауқымды қамтуға тырысты. Ойындар нәтижелері уақытымен жарияланып, арнайы онлайн кесте бағаны құрылды. Сонымен қатар, «мундиальға» қатысты қызықты ақпараттар жарияланып тұрды. Ал бастысы – болжамдар бәйгесі ел есінде қалды деп сенімді түрде айта аламыз. Бағалы сыйлықтар ойнатылған сайысқа 300-ден астам оқырман қатысты. Яғни, massaget.kz оқырмандары белсене қатысқан арнайы жобалардың бірі.

2014 жылғы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған арнайы жоба – massaget.kz сайтындағы толысқан туындылар әлемі десек болады. Ақ жаулықты аналарды, асыл жанды аруларды құттықтаған ізгі тілектер, керек кеңестер кезегімен топтастырылған. Еліміздің өнер жұлдыздары да құттықтаған жүрекжарды лебіздер бар. Мерекелік іс-шараларға қатысты сценарийлер мен сыйлық таңдауға арналған кеңестер де назардан тыс қалмаған.