Германия ұлттық құрамасы мен дортмундтық «Боруссия» жартылай қорғаушысы Марко Ройс алдағы уақытта автокөліктерді жарнамалаған бейнебаяндарға түсе алмауы мүмкін. Себебі, жақында футболшы жүргізуші куәлігінсіз көлік айдап келгені анықталған еді.
25 жастағы ойыншы 2011 жылы жүргізуші куәлігін алу үшін тапсыратын сынақтан өте алмай қалған. Бірақ, Марко Ройс сол уақыттан бері құжатты қажетсінбей, көлік айдап жүре берген. Жақында оның жүргізуші куәлігінсіз жүргені анықталып, 540 000 еуро айыппұл салынған еді.
Қазіргі таңда Марко Ройс жарнамалаған автокөлік компаниялары бұл оқиғадан кейін таңданыстарын жасырмай отыр. Дортмундтық клубтың демеушілерінің бірі – «Оpel» компаниясы басшылығы футболшының алдағы уақытта көліктерін жарнамалаған бейнебаяндарға түскеніне қарсы емес екендіктерін айтқан. Тек құқық берілер ме екен деп алаңдайтындарын жеткізіпті.
Сонымен қатар, Германия ұлттық құрамасының ойыншылары басты демеушілері – «Mercedes-Benz» компаниясының да автокөліктерін жарнамалайды. Олардың қатарында Марко Ройс та бар. Футболшының автокөлік жарнамаларына түсу, түспеуі алдағы уақытта шешілетін болады.
Сурет: auto.mail.ru