Дортмундтық «Боруссия» футбол клубының жартылай қорғаушысы Марко Ройсқа көлік жүргізу құжаты болмай көлікке отырғаны үшін 540 000 еуро көлемінде айыппұл салынды. Марко Ройстың өзі бұл оқиға туралы былай дейді: «Мен үлкен қателік жасадым. Қазірдің өзінде бұл оқиға туралы түсінік бере алмаймын. Бір білерім, болашақта мұндай оқиға қайталанбайтын болады».
Көлік жүргізу экзаменінен 2011 жылы құлаған 25 жастағы ойыншы, содан бері көлікті құжатсыз жүргізіп келген. Бұл оқиғадан кейін Ройс жүргізу құжатын алуға қайта тырысып көрмекші.
БӨЛІСУ
Сурет: russiasport.ru