Италияның Трентино қаласында байрағын көтерген Қысқы Универсиадада бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті жүлде түсті. Шаңғышы Марк Старостин күміс еншіледі.
БӨЛІСУ
Ерлер арасында 15 шақырымдық скиатлон жарысында Марк Старостин күміс жүлдені қанағат тұтты. Алтын ресейлік Рауль Шакирзяновқа, қола тағы бір Ресей спортшысы Павел Сюлатовқа бұйырды. Осыған дейін Қазақстан қоржынына Татьяна Осипова алтын жүлде салған еді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz