Маржықпаев ҚФФ президенті бола ма? Экс-министрдің өзі жауап берді

Сымбат Сатыбалдина Корреспондент
Сымбат Сатыбалдина>
Маржықпаев ҚФФ президенті бола ма? Экс-министрдің өзі жауап берді
Фото ©️ instagram.com/ermek_marzhyqpaev

Экс-министр Ермек Маржықпаев Қазақстан футбол федерациясының президенті болып тағайындалуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Бұл туралы Маржықпаев әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

"Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына менің кандидатурамды ұсыну бойынша ақпаратқа түсініктеме беріп өтейін. Менің бұл қызметті атқаруға еш жоспарым жоқ.

Сіздер сияқты мен де футбол жанашырымын. Сондықтан да бұл #1 спортта біздің ұлы жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімдімін", - дейді Ермек Маржықпаев. 

Еске салайық, бұған дейін футбол федерациясы Әділет Бәрменқұловтың қызметінен кеткенін растаған болатын. 

8 қарашада Қазақстан футбол федерациясында өткен жиында Әділет Бәрменқұлов ҚФФ басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Жарғыға сәйкес жаңа президент КФФ-ның кезектен тыс конференциясында сайланады, оның күні әлі белгіленген жоқ.

"Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Бәрменқұлов өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Біз Әділет Назарбайұлына Қазақстан футболын дамытуға қосқан үлесі, өз ісіне деген жауапкершілігі және көшбасшылық қасиеттері үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз", - деп хабарлады футбол федерациясы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!