Мария Шарапова мен оның автокөліктері

Қайсар Қауымбек Корреспондент
Қайсар Қауымбек>
Мария Шарапова мен оның автокөліктері

Ресейлік теннисші  Мария Шарапова 2006 жылы Уимблдон жарысың алдында өзінің су жаңа Land Rover Freelander 2 автокөлігін жұртшылыққа таныстырған болатын. Содан бері Шарапова Land Rover автокөлігінің Оңтүстік Америкадағы ресми өкілі болып келеді. Бүгінде ресейлік теннисшінің еншісінде бір емес, бірнеше автокөлік бар. 

БӨЛІСУ

«Алғашқы мәрте мен Land Rover автокөлігін 15 жасымда көрдім. Содан бері мен бұл машинаға ғашықпын. Land Rover-дің дизайны да, жылдамдығы да жақсы. Мен қазір Land Rover көлігімен жүрін. Дегенмен Freelander 2 автокөлігіне қызығып жүрмін», - дейді Мария Шарапова.

 

 

"Басқа құрбыларыма қарағанда мен өз автокөліктерімді өз қаражатыма аламын. Кейбір адамдар: "Бұл қызға мұндай қымбат машинаны әкесі алып берген" деп жатады. Бұл кісілерге айтарым: "Жоқ. Мен барлық көліктерімді өзімнің еңбегіммен алғанмын" - дейді әлемнің экс-бірінші ракеткасы.

 

Мария жуырда ғана тағы бір автокөліктің иесі атанды. Ол Штутгардта өткен Masters турнирінің финалында Виктория Азаренконы ұтып, су жаңа Porsche 911 Carrera S көлігін жеңіп алды. 

 

Мария Шарапованың көліктер тізімінде TAG Heuer Tesla Roadster машинасы да бар. Бұл машинаны Мария 2010 жылы Женевада көліктің ресми таныстырылу барысында сатып алған. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет:www.sports.ru