Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясына президент болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясына президент болды
Фото ©️ Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Астанада Қазақстан футбол федерациясының президентін сайлау өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Марат Омаров жаңа басшы болып тағайындалды, - деп хабарлайды msports.kz.

БӨЛІСУ

36 жастағы маман 36 дауыстың 34-ін жинады. Нәтижесінде ҚФФ-ға жаңа президент болып сайланды. Онымен бәсекеге түскен Алтай Даумов 2 дауысқа ие болса, Ербол Қайров бірде-бір дауыс жинамаған. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясын Әділет Барменқұлов басқарған болатын. Ол 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясында өткен жиында ҚФФ басшысы қызметінен кеткен еді.