Әйгілі аргентиналық футболшы Диего Марадо ФИФА президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды. ФИФА-ның жаңа басшысы Иозеф Блаттер өзінің бесінші сайлауында жеңіске жетіп, төрт күннен кейін отставкаға кететіндігін мәлімдеген.
Францияның экс-футболшысы Давид Жиноло, Иордания ханзадасы Әли бин Әл-Хусейн, ФИФА-ның бұрыңғы вице президенті Чон Монжун, мен ресейлік «ЦСКА» футбол клубының бұрыңғы басшысы Зико, және Либерия футбол ассоциацясының басшысы Муса Билитиден кейін алтыншы болып бұл тізімге Марадона да өз есімін жазды.
Естеріңізге сала кетейік мерзімінен бұрын өткізіліп отырған сайлау 2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың ақпан айының арасында өтеді деп жоспарлануда. Нақты қай күні болатындығы туралы 20 шілде күні жарияланады.