Канада жерінде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстандық қаһарман қызымыз Гюзель Манюрова қоржынға алғашқы медальды салды деп хабарлайды Vesti.kz сайыстың арнайы сайтына сілтеме жасай отырып.
72 келі салмақтағы Манюрова қола жүлде иегері атанды. Ол алғашқы айналымда Әзірбайжан мемлекетінің аманатын арқалап келген Наталья Поломерчукті 5:0, 7:0 есебімен жеңген болатын. Содан кейін бразилиялық Алин да Силва Феррераны 1:0, 4:0, ал Белорусиядан келген Василиса Марзалюкті 0:2, 1:0, 1:0 есебімен артқа тастап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Өкінішке орай, біздің қызымыз финал барысында швециялық Анна Франсоннан асып түсе алмады.
Қазақстандық құраманың қоржыны доданың алғашқы күндерінен-ақ медальға аса бай емес. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы Стамбул қаласында өткен осындай әлем чемпионатында құрамамыз қола жүлдені ғана қанағат тұтқан еді.
Сурет:egov.kz
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева