Маңызды өзгеріс: Футболдан премьер-лига командаларына жаңа талап қойылады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Маңызды өзгеріс: Футболдан премьер-лига командаларына жаңа талап қойылады
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан футболы құрылымында маңызды өзгеріс: 2025 жылдан бастап Премьер-лига қатысушыларының құрылымында әйелдер командасы болуы қажет. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, msports.kz сайты хабарлайды.

БӨЛІСУ

УЕФА жарыстарына қатысушы барлық команда үшін әйелдер командасын ашу туралы шешім 2024 жылы Дублинде (Ирландия) өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды. Бұл шешім әйелдер футболын дамыту және насихаттауға бағытталған.

Осыған сәйкес, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті футбол клубтарын лицензиялау ережесіне жаңартулар енгізді. Бұған әйелдер командалары арасында "QFL Әйелдер лигасы" футболдан ҚР Чемпионатына қатысатын әйелдер командасын құру туралы шешім де кіреді. Жаңа ереже 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Бұл шешім Қазақстан футболын 2034 жылға дейін дамыту стратегиясының бір бөлшегі саналады. Осы арқылы Қазақстандағы әйелдер футболының жағдайын дамытып қана қоймай, спортшы қыздар үшін тең мүмкіндік сыйлап, халықаралық аренада еліміздің позициясын нығайту болып саналады.