Мадридтік «Реал» 2012-2013 жылғы маусым қорытындысы бойынша әлемдегі ең табысы мол клуб болып танылды. Ал осыған дейін жылдық табысы мол саналатын «Манчестер Юнайтед» алғаш рет үштіктен шығып қалды.
Әлемдегі ең танымал компаниялардың бірі «Deloitte» мәліметі бойынша, «корольдік клубтың» өткен жылғы табысы 518,9 миллион еуроны құраған. 2013 жылы оның 212 миллионын сауда жүйесіндегі (коммерциялық) табысы түсірсе, 188 миллиондайын телекөрсетілім арқылы тапқан.
Жылдық табысы мол ең бай клубтардың екінші орнын каталондық «Барселона» иемденіп отыр. 2013 жылы команданың жылдық табысы 482,6 миллион еуроны құраған. Үштікті мюнхендік «Бавария» қорытындылады. Олар өткен жылы 431,2 миллион еуро табысқа кенелген.
Назарларыңызға алғашқы ондықтағы клубтардың тізімін ұсынамыз:
1. (1) «Реал» Мадрид (Испания) — 519 миллион еуро
2. (2) «Барселона» (Испания) — 482,5
3. (4) «Бавария» (Германия) — 431
4. (3) «Манчестер Юнайтед» (Англия) — 424
5. (10) «ПСЖ» (Франция) — 399
6. (7) «Манчестер Сити» (Англия) — 316
7. (5) «Челси» (Англия) — 303,5
8. (6) «Арсенал» (Англия) — 284,5
9. (13) «Ювентус» (Италия) — 272,5
10. (8) «Милан» (Италия) — 263,5
Жақша ішіндегі клубтардың алдыңғы рейтингі
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: footballhd.ru