"Манчестер Юнайтедтің" бренд бағасы төмендеді

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
"Манчестер Юнайтедтің" бренд бағасы төмендеді

"Brand Finance" компаниясының жүргізген зерттеуі бойынша "Манчестер Юнайтед" командасының бренд бағасы биылғы маусымдағы сәтсіздіктерінен кейін бірден 100 миллион долларға (60 миллион фунт стерлинг) төмендеген.

БӨЛІСУ

Дэвид Мойестан кейін Райан Гиггз бапкерлік еткен "Қызыл сойқандар" өткен маусымда Англия премьер-лигасында небары жетінші орынды місе тұтқан болатын. Соның нәтижесінде команда әлемдік нарықта өзінің бағасын айтарлықтай түсіріп алды. Футбол клубтарының ішінде әлемдік бренд бағасы жағынан 739 миллион АҚШ долларын құрайтын "Манчестер Юнайтед" өзінің екінші орнын осы маусымда Чемпиондар лигасын және Испания кубогін жеңіп алған мадридтік "Реалға" беріп қойды. "Реалдың" бағасы - 768 миллион АҚШ долларын құрайды. Ең қымбат бренд тізімін өткен маусымда Германия чемпионы және Германия кубогінің иегерлері атанған, Хосеп Гвардиола баптайтын, құны 896 миллион АҚШ доллары болатын мюнхендік "Бавария"  бастап тұр.

Сонымен қатар, Франция чемпионатының жеңімпазы және Франция кубогінің иегерлері Лоран Блан бастаған "Пари Сен-Жермен" командасы 24-ші орыннан бірден 10-шы орынға көтерілген екен.

Алғашқы ондықтың тізімі төмендегідей:

1. "Бавария" (Германия) - 896 миллион доллар,
2. "Реал" (Испания) – 768 миллион доллар,
3. "Манчестер Юнайтед" (Англия) – 739 миллион доллар,
4. "Барселона" (Испания) – 622 миллион доллар,
5. "Манчестер Сити" (Англия) – 510 миллион доллар,
6. "Арсенал" (Англия) – 505 миллион доллар,
7. "Челси" (Англия) – 502 миллион доллар,
8. "Ливерпуль" (Англия) – 469 миллион доллар,
9. "Боруссия" (Германия) – 327 миллион доллар,
10. "Пари Сен-Жермен" (Франция) – 324 миллион доллар.

Естеріңізге салайық,  2013 жылы қараша айында Forbes журналы жариялаған әлемнің ең қымбат спорттық командасы ретінде мадридтік "Реал" танылған болатын. "Реалдың" құны 450 миллион АҚШ долларын құрапты. Бұл тізімде 433 миллион АҚШ долларымен "Манчестер Юнайтед" үзік үштікті қорытындылаған екен. Бұл аталған рейтинг командалардың өнер көрсетіп жүрген өз лигаларында түскен табыстарын есептемегендегі тізім.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: rsport