Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол командасы Криштиану Роналдуды өздеріне қайтаруға әрекет жасауда. Клуб басшылығы португалдық шабуылшыға 277 миллион доллар беруге әзір. Егер ойыншы рекордтық сомаға келісер болса, онда келесі маусымнан бастап ағылшын премьер-лигасында өнер көрсететін болады.
«Манчестер Юнайтед» басшылығы ағылшын премьер-лигасындағы теледидар эфирінен түскен қаржыны Роналдуды сатып алуға жұмсамақ.
Естеріңізге сала кетсек, «Қызыл сойқандар» Роналдуды 2009 жылдың маусым айында «Реалға» 65 миллион евроға сатқан болатын. Бір жыл өткесін жаңа келісімшарт жасалып, Роналду әлемдегі ең жоғарғы жалақы алатын футболшы атанған-ды. Ол келісімшарт 2018 жылдың жазына дейін күшінде болады. Роналду «Манчестер Юнайтед» сапында 2003 жылдан 2009 жылға дейін өнер көрсетті.
Сурет: metronews.kz
Оқи отырыңыз:
Чемпиондар лигасы. «Реал» «Баварияның» рекордын қайталады