"Манчестер Юнайтед" ойыншысы жол апатына ұшыраған балаға көмектесімен деп ойынға кешігіп қалды

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент
Уалихан ҚОСАНБАЙ>
"Манчестер Юнайтед" ойыншысы жол апатына ұшыраған балаға көмектесімен деп ойынға кешігіп қалды

"Манчестер Юнайтед" командасының жартылайқорғаушысы Эшли Янг жол көлік апатынан жарақат алған балаға көмектесемін деп, ағылшын біріншілігінде «Тоттенхэм» командасына қарсы ойынға кешігіп қалған екен. Бұл туралы британдық The Sun. басылымы хабарлайды.

БӨЛІСУ

Жол апаты "Олд Траффорд" стадионының маңайында болған. Жарақат алған баланы көріп, Эшли бірден көлігін жол бойына тоқтатып, балаға көмек көрсеткен. Жедел жәрдемді де "Манчестер Юнайтед" жартылайқорғаушысы шақырған.

«Біз оқиға болған жерге жақындағанымызда, Эшли машинасынан түсіп, балаға көмек көрсетіп жатыр еді. Сол сәтте Эшлиді "Олд Траффордта" ойын күтіп тұрғаны уайымдатқан да жоқ секілді болды. Ол жарақат алған баланың әкесімен бірге жедел жәрдемнің келгенін күтіп, сосын ғана стадионға беттеді», - дейді оқиға куәгерлері.
Кейіннен белгілі болғандай баланың миы зақымдалып, емханаға уақытында жеткізіліпті. Британдық баспаның айтуынша, баланы Range Rover маркалы машина қағып, оқиға орныан ізін суытып үлгерген екен.

Ал Янг стадионға келіп жеткенде, оның командасы 2:3 есебімен жеңіліп жатқан.

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: man-und.net