Англияның "Манчестер Юнайтед" командасы жаңа бас жаттықтырушы есімін ресми түрде хабарлады. Команданы португалдық маман Рубен Аморим жаттықтырады, - деп хабарлайды msports.kz cайты.
Қос тарап 2+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойды. Яғни 2027 жылдың жазына дейін Рубен командада бас бапкер болады. Сондай-ақ нәтижесіне қарай тағы бір маусымға ұзарту жайы қарастырылған.
Португалиялық маман қараша айындағы халықаралық үзіліске дейін "Спортингті" жаттықтыра тұрады. Ал оған дейін манкуниандық клубты Руд ван Нистелрой ойындарға бастап шығады.
Рубен Аморим "қызыл сойқандар" тізгініндегі бірінші ойынын 24 қараша күні "Ипсвич Таунға" қарсы өткізеді деп күтілуде.
Айта кетейік, ағылшындық клуб бұған дейін бас бапкер болған Эрик Тен Хагты төмен нәтижесіне қарай қызметінен ерте босатқан еді.