Manchester United футбол клубының бас бапкері Сэр Алекс Фергюсон жақында мұрнынан қатты қан кетуінен Глазгодағы ауруханалардың біріне жатқызылды.
The Sun-ның хабарлауынша, Алекс Фергюсонға өткен аптада 7 күн ішінде 7 рет ұшақпен ұшуға тура келген. "Бәріміз жас алдында әлсізбіз, солай емес пе? - дейді Фергюсон. - Осыншама рет ұшу аздап орынсыз болған секілді. 7 күнде 7 рейс - бұл тым артық. Мүмкін бұл сенің саяхатымды тоқтатудың белгісі де болған шығар?"
Фергюсон денсаулығы қаншалықты жарамды болса, соншалықты "Манчестер Юнайтед"-тің бас бапкері лауазымында отыратынын әрқашан да айтатын.
"Менің денсаулыққа қатысты проблемаларым жүрекпен байланысты емес", - дейді МЮ бапкері.
Айта кетсек, ағылшын клубының бас бапкері ағылшын футболының басты олжасын әлі де Олд Траффорд-қа қайтарғысы келетінін мәлімдеді.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: bettingexpert.com