Ағылшындық «Манчестер Сити» командасы негізгі құрамда алаңға шығатын қақпашы іздей бастады. Ал осыған клубтың қақпасын қорғап келген Джо Хартқа алдағы уақытта сенім артуы екіұшты болып отыр.
Англия ұлттық құрамасы қақпашысының соңғы кездесулердегі өрескел қателігі - негізгі құрамдағы орнын босатуына әкеліп соқты. Қосалқы құрамда қалған қақпашының орнына бас бапкер Мануэль Пеллегрини командаға жаңа қақпашы қарастыруына тура келді. «Манчестер Сити» енді миландық «Интер» командасының қақпашысы Самир Хандановичке келісім ұсынып көрмек. Ал осыған дейін словениялық қақпашыға «Барселона» мен «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытқан болатын. Манчестерлік ұжым «Интерге» Самир үшін 20 мың фунт ұсынуға әзір екенін жеткізді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: eurosport.ru