Мамыр айында Қанат Ислам Сауль Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Мамыр айында Қанат Ислам Сауль Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бірінші орта салмақта «WBO» нұсқасы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы «Fightnews.com» cайтына сілтеме жасап, vesti.kz хабарлады.

БӨЛІСУ

Бокссүйер қауым арасында қазақстандық боксшы мен мексикалық жұдырықтасуы мүмкін екені туралы қауесет тарай бастады. Тіпті жекпе-жек 6 мамыр күні Техастағы «Даллас Ковбойз» стадионында өтуі мүмкін екен. Бұл арена 80 000 жанкүйерге арналған.

Қанат Ислам мен Сауль «Канело» Альварес арасында жекпе-жектің өтуі шындыққа жанасымды да. Мексикалық «WBO» чемпиондық белбеуіне ие болса, отандасымыз бұл тұжырымның рейтингінде бесінші орында келеді.

Сауль Альварес орта салмақта «WBC», «WBA», «IBF» және «IBO» белбеулерінің иесі қазақстандық Геннадий Головкиннің басты қарсыластарының бірі. Қос боксшы арасындағы жекпе-жек ұйымдастырылар болса, 2017 жылдың басты жаңалығы болмақ. Кей бейресми деректер бойынша қос боксшы қыркүйек айында шаршы алаңда күш сынасып көруі мүмкін. Ал оған дейін мексикалық Қанатпен жұдырықтасып қалуы бек мүмкін.

«Канело» соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 17 қыркүйегінде «Даллас Ковбойз» стадионында британдық боксшы Лиам Смитке қарсы өткізген еді. Қарсыласын нокаутпен ұтқан-ды.