Жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы болған Конор МакГреор спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады. Бұл туралы ирландиялық спортшы «twitter» желісіндегі жеке парақшасында жазған.
- Мен спорттан жас кезімде кетуді шештім. Барлықтарыңызға рақмет. Кейін көрісеміз, - деп жазды Конор МакГрегор. Оның спорттық мансабын ерте аяқтау туралы шешім қабылдауына не себеп болғаны белгісіз қалып отыр.
Айта кетейік, Конор МакГрегор наурыз айында Нэйт Диастан жеңіліп, бар чемпиондық атағынан айырылған болатын. Алайда 9 шілде күні қос спортшының қарымта кездесуі жоспарланған еді.
Ирландиялық спортшы мансабында 22 кездесу өткізді. Оның үшеуінде ғана жеңіліс тапқан. Нэйт Диаспен өткен жекпе-жегінде ең қомақты сыйақыға (1 миллион доллар) ие болған еді.