Аралас жекпе-жектен екі салмақ дәрежесінде UFC тұжырымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор Қазақстанның боксына тәнті екенін мәлімдеді.
Ирландиялық спортшы Украина астанасы Киевте өткен баспасөз конференциясында Қазақстан ММА мен боксы жайлы ой бөлісті.
- Қазақстаннан шыққан ММА спортшыларын білмеймін. Бір білерім, Қазақстанның боксы еркін күресі секілді ерекше және тарихы тереңде жатыр. Қазақстандық файтерлерді кездестіргенім есімде жоқ. Шақырсаңыздар Қазақстанға барып қалуым ғажап емес, - деп жауап қайырды Vesti.kz сайтының тілшісі қойған сұраққа.
Айта кетейік, Конор МакГрегор соңғы жекпе-жегін 2018 жылы қазан айында өткізген. Сол кезде ол ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңіліп қалған еді. Ирландиялық спортшы енді 24 қазанда Мәскеуге ұшып барады.