Бүгін Шымкентте Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирдің финалдық жекпе-жектері өтуде. 57 келі салмақтағы шешуші шайқаста Оразбек Асылқұлов чемпион атанды, – деп хабарлайды msports.kz сайты.
БӨЛІСУ
Финалда Оразбек пен Махмұд Сабырхан жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілер Оразбекті жеңімпаз деп таныды. Былтыр Астанадағы жарыста Махмұд жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов пен Санжар Тәшкенбай жарақатына байланысты финалдық жекпе-жекке шықпайтын болды. Санжар 51 келіде Теміртас Жүсіповпен жұдырықтасуы керек болған. Сәкенге 54 келіде Нұрсұлтан Алтынбек қарсылас атанған еді.